Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жұртшылықтан кешірім сұраймыз": Алматыдағы "қыз алып қашу" оқиғасы пранк болып шықты

Опубликовано:

Алмаьыда қыз ұрлағандар видеоға түсіп қалды
Видеодан кадр: instagram.com/kris_p_brothers

Алматы полициясы Алатау ауданында "қыз алып қашу" оқиғасына қатысқандарды тауып, оның пранк екенін анықтады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұған дейін полиция желіде пайда болған бейнежазбаға қатысты пікір білдіріп, оқиғаның пранк болуы мүмкін екенін мәлімдеген.

"Осы дерек бойынша тексеру шаралары жүргізіліп, нәтижесінде оның ұйымдастырушылары мен қатысушылары анықталды. Олардың іс-әрекетіне құқықтық баға берілетін болады", - делінген ведомствоның баспасөз хабарламасында.

Пранкке қатысқан бойжеткен елден кешірім сұрады.

"Бұл әлеуметтік эксперимент - пранк екенін айтқым келеді. Мен сол видеодағы қызбын. Мені ешкім алып қашқан жоқ, бәрі жақсы. Жұртшылықтан кешірім сұраймыз", – дейді полицияға түсініктеме берген азаматша.

Полицияның хабарлауынша, видеодағы "Chevrolet Nexia" автокөлігінің жүргізушісі де анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

"Құқық бұзушылық дерегіне сәйкес оған қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 290 бабы 2 бөлігі (көлікті мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз басқару) және сол кодекстің 601 бабы 1 бөлігі (жол белгілері мен таңбаларының талаптарын сақтамау) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды", - дейді ПД.

Қазіргі сәтте көлік құралы мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1966286-zurtsylyqtan-kesirim-suraimyz-almatydagy-qyz-alyp-qasu-oqigasy-prank-bolyp-syqty/

pixel