Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы прокуратурасы Қайрат Құдайбергеннің қандай күдікке ілінгенін хабарлады

Опубликовано:

Қайрат Құдайберген
Фото: Instagram/kudaibergen_kairat

Алматы прокуратурасы қалалық мәслихат депутаты Қайрат Құдайбергеннің ұсталуына қатысты пікір білдірді. Ведомство мәлімдемесі оңтүстік астана прокуратурасының ресми сайтында жарияланды.

"2022 жылдың 21 сәуірінде Бас прокуратураның арнайы прокурорларының басшылығымен ведомствоаралық жедел-тергеу тобы жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырып, оған қатысты деген күдікпен 1983 жылы туған Құдайберген Қайрат Құдайбергенұлын ұстады", - делінген ведомство хабарламасында.

Ол Алматы қалалық полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Прокуратура мәліметінше, алдын ала тергеу Қайрат Құдайберген "Дикий Арман" лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевпен бірге "Қазақстан" қонақ үйінде адамдарды жинап, Жұмагелдиевтің айналасына бірігуге, оны қолдауға және биліктің бірыңғай талаптарын ұсынуға шақырғанын анықтады. Сондай-ақ ол адамдарды 10 адамнан "ұяшықтар" бойынша бөліп, топ ерекшеліктерінің белгісі ретінде қолдарына ақ таңғыштарды таңуға нұсқау берді деген күдікке ілінді.  

"Содан кейін Құдайберген мен Жұмагелдиев жинаған топ алаңға шығып, Жұмагелдиев төңірегіндегі митингілерді біріктіруге, алаңда жедел штаб ұйымдастыруға және билік алдында бірыңғай талаптар қоюға тырысқан.

Құдайберген-Жұмагелдиев ұйымдастырған бұл заңға қарсы акция зорлық-зомбылық пен түрлі ауырлықтағы дене жарақаттарын келтірумен жаппай төбелеске ұласты.  

Құдайбергеннің жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастыруы мен қатысуы "Қазақстан" қонақ үйінен, Жұмагелдиев тобының ұсталған қатысушыларының ұялы телефондарынан алынған бейнежазбалар мен куәгерлердің айғақтары арқылы расталады.

Айта кетейік, бүгін БАҚ беттері мен әлеуметтік желідегі парақшалар танымал қазақстандық кәсіпкер, Алматы мәслихатының депутаты Қайрат Құдайбергеннің ұсталғаны туралы хабарлаған еді. Көп ұзамай Алматы прокуратурасы оның ұсталғанын ресми түрде растады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1966340-almaty-prokuraturasy-qairat-qudaibergennin-qandai-kudikke-ilingenin-xabarlady/

pixel