Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы мәслихатының депутаты Қайрат Құдайберген ұсталды

Опубликовано:

Фото
Фото: facebook.com/KudaibergenKairat

БАҚ беттері мен әлеуметтік желілерде бүгін түнде танымал қазақстандық кәсіпкер, Алматы мәслихатының депутаты Қайрат Құдайбергеннің ұсталғаны туралы ақпарат пайда болды. Депутаттың ұсталғанын NUR.KZ тілшісіне Алматы прокуратурасы растады.

Қайрат Құдайбергеннің ұсталғаны туралы бірқатар қазақстандық БАҚ хабарлады. Олардың мәліметтерінше, кәсіпкер жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырып, оларға қатысқаны үшін күдікке ілінді.

Алматы прокуратурасы депутаттың ұсталғанын ресми түрде растады.

"Ұстау фактісін растаймыз. Бірақ жағдайдың мән-жайы кейін хабарланады", - деп мәлімдеді оңтүстік астана прокуратурасы.

Айта кетейік, бұған дейін Қайрат Құдайберген қаңтардағы тәртіпсіздіктерге қатысты істе куәгер ретінде жауап берген болатын. Бұл туралы мәслихат депутаты әлеуметтік желіде мәлім етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1966278-baq-almaty-maslixatynyn-deputaty-qairat-qudaibergen-ustaldy/

pixel