Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмолада "Qnet" қаржы пирамидасының басшыларына қатысты тергеу жүріп жатыр

Опубликовано:

Полицей
Көрнекі фото: Polisia.kz

Ақмола облысында "Qnet" халықаралық қаржы пирамидасының басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Қаржылық мониторинг агенттігі Ақмола облысы бойынша аумақтық департаменті "Qnet" халықаралық қаржы пирамидасы компаниясының құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Бұл ұйым Қазақстан аумағында тіркеуі жоқ, кәсіпкерлік қызметпен айналыспайды, банктік қызмет пен банктік операцияларды жүргізуге лицензиялары, рұқсаттары жоқ.

Іс бойынша айыпталушылардың біріне қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды", - делінген агенттік хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1966349-aqmolada-qnet-qarzy-piramidasynyn-bassylaryna-qatysty-tergeu-zurip-zatyr/