Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Атырау облысында еңбек кабинетін 1 млрд теңгеге сатып алмақ болған": Мектеп әкімшілігі мән-жайды айтты

Опубликовано:

Мектеп
Көрнекі фото: pixabay.com

Жақында Атырау облысы Мақат ауданы Доссор кентіндегі орта мектеп қыздарға арналған технология кабинетін 1 млрд теңгеге сатып алмақ болғаны жайлы ақпарат тараған еді. Осыған байланысты мектеп әкімшілігі пікір білдіріп, мән-жайды түсіндірді, деп хабарлайды Атырау облысының білім беру басқармасы Facebook парақшасында.

Мектеп әкімшілігінің мәліметінше, 2021-2022 оқу жылының сәуір айында білім беру мекемесі "Бірыңғай сатып алу терезесі" веб-порталы арқылы материалдық - техникалық жабдықталған қыздарға арналған технология кабинетін сатып алуды жоспарлаған.

Мақат аудандық білім бөлімінің басшысы Айбол Долдашевтың айтуынша, қайта жаңғырту (модернизация) негізінде технология кабинетіне 12 000 000 теңге қаражат бөлінген.

Осы кабинетті сатып алуды жоспарлап, порталға қаржы сомасы көрсетілген уақытта маман тарапынан қателік кетіп, сома порталға жарияланып кеткен.

"Кейіннен техникалық қателікті байқаған мектеп экономисі өздігінен дереу түзету енгізіп, қайта жариялаған. Маманның сатып алу порталына жариялаған күні 2022 жылдың 6 сәуірінен 14 сәуір аралығында яғни талқылау уақытында тұрған", - дейді мектеп әкімшілігі.

Білім беру мекемесі қателік жіберген мектеп экономисімен түсіндіру жұмыстары жүргізілгенін және оған ескерту берілгенін атап өтті.

Айта кетейік, бұған дейін Атырау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Мақат ауданындағы Бержан Қанатбаев атындағы орта мектеп қыздарға арналған еңбек кабинетін 1 млрд теңгеге сатып алмақ болғанын хабарлаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1967288-atyrau-oblysynda-enbek-kabinetin-1-mlrd-tengege-satyp-almaq-bolgan-mektep-akimsiligi-man-zaidy-aitty/

pixel