Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысындағы мектеп бір кабинетті 1 млрд теңгеге сатып алмақ болған

Опубликовано:

оқушы
Көрнекі фото: qazaqstan.tv

Атырау облысында Мақат аудандық білім бөлімі Бержан Қанатбаев атындағы орта мектебі қыздарға еңбек кабинетін 1 млрд теңгеге сатып алмақ болған. Бұл жайында Атырау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл ретте оқу кабинеттерінің орташа бағасы 3,5 млн және 7 млн теңге аралығында өзгеріп отырады.

Атырау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік департаменті аталған фактіні мемлекеттік сатып алу порталына мониторинг жүргізу барысында анықтаған.

Содан кейін сатып алуды ұйымдастырушының атына ұсыныс хат жолданған. Оны қарастыру нәтижесінде сома 12 млн теңгеге өзгерді. Осылайша, бюджет шығынынан 1 059 428 571 теңге үнемделді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1967100-atyrau-oblysyndagy-mektep-bir-kabinetti-1-mlrd-tengege-satyp-almaq-bolgan/