Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда тұрғын үйге кран құлады: Мердігер жауапқа тартылады

Опубликовано:

Кран
Фото: Jan Hakan Dahlstrom/Getty Images

Елордада тұрғын үйлердің біріне краны құлаған мердігер компания жауапкершілікке тартылады, деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының еңбек инспекциясы автокранды тексеріп, жүк көтеру механизмін іске асыруда өнеркәсіптік қауіпсіздік ережелері бұзылғанын анықтады.

Белгілі болғандай, арнайы тексеру қорытындысына сәйкес мердігерге шара қолданылады.

"Оқиға болған жерге қалалық қызметтер: өнеркәсіптік қауіпсіздік департаменті, "Есіл" ауданы әкімі аппараты, "Нұр-Сұлтан қаласы қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы" мамандары барды", - делінген хабарламасында.

Әкімдіктің хабарлауынша, арнайы құрылған жұмыс тобы қаланың құрылыс объектілеріндегі 121 мұнаралы кранды тексерді.

"Тексеру қорытындысы бойынша 81 кранның жұмыс ережесін бұзу фактілері анықталды. Мұнаралы крандардың техникалық құжаттамасының болмауы ереже бұзуға негізгі себеп болып отыр", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Ресми мәліметке сәйкес, мұнаралы крандардың жұмысы кемшіліктер қалпына келгенше тоқтатылды.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтанда көпқабатты үйге автокранның жебесі құлап, пәтер терезесін сындырғанын хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1967302-nur-sultanda-turgyn-uige-kran-qulady-merdiger-zauapqa-tartylady/

pixel