Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президент: Қазақстанды дамытуға өзге этностардың қосып жатқан үлесін қазақ тілінде насихаттау маңызды

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІ сессиясында мәдениетіміз әралуан екенін көрсететін ерекше ақпарат әзірлеу қажет екенін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Мәдениетіміз әралуан екенін көрсететін ерекше ақпаратты әзірлеу қажет. Соның ішінде, қазақ тілді аудиториямен жұмыс жүргізген жөн. Қазақ тілді аудиторияның ауқымы кеңейіп жатыр. Бұл – жағымды, оң үрдіс.

Қазақстанды дамытуға өзге этностардың қосып жатқан үлесін мемлекеттік тілде насихаттау маңызды. Біз осы бағытта жұмыс істейтін ақпарат құралдарын барынша қолдауымыз керек", - дейді мемлекет басшысы.

Бұдан бөлек бүгінгі сессияда президент Ата заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде республикалық референдум өткізуді ұсынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1967402-toqaev-qazaqstandy-damytuga-ozge-etnostardyn-qosyp-zatqan-ulesin-qazaq-tilinde-nasixattau-manyzdy/

pixel