Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовты қамауда ұстау мерзімі екі айға ұзарды

Опубликовано:

Мейіржан Төребаев
Мейіржан Төребаев. Фото: instagram.com/meirzhach_tv

Вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовты қамауда ұстау мерзімі ұзарды. Сот шешімі бойынша, олар темір торда тағы екі ай отырмақ, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Тергеу сотының қаулысымен тергеу органдарының өтініші қанағаттандырылды. Шерниязов пен Төребаевқа қатысты күзетпен ұстау мерзімін екі ай мерзімге ұзартуға санкция берілді", - деп хабарлады Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, ақпан айында Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов қаржы пирамидасын құрды деген күдікке ілінген болатын. Алматы тергеу соты оларға кепіл түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

Кейін Төребаев даулы оқиғаға қатысты пікір білдіріп, пирамиданың құрылуына ешқандай қатысы жоқ екенін айтты.

Ал 19 сәуір күні Төребаев пен тағы үш адам тұтқындалды.

Көп ұзамай Төребаев пен Шерниязовтың 10 тәулікке қамауға алынғаны белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1967471-meiirzan-torebaev-pen-meiirxan-serniyazovty-qamauda-ustau-merzimi-eki-aiga-uzardy/

pixel