Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтан полициясы арнайы жасақ өкілдері және кортеж бейнеленген видеоға қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Полиция жол ережесін бұзған көлік жүргізушісін тоқтатқан сәт
Видеодан кадр: instagram.com/police.kz

Әлеуметтік желіде қасында арнайы жасақ өкілдері бар қара түсті көліктерден тұратын кортеждің жол бойында тоқтап тұрған видеосы тарады. Желідегілердің қызығушылығын тудырған видеоға қатысты Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Аталмыш видео police.kz Instagram-паблигінің парақшасында пайда болды. Кадрдан жол бойында тоқтап тұрған қара түсті үш көлікті, олардың қасында тұрған арнайы жасақ өкілдерін және костюмдегі ер адамдарды байқауға болады.

Видеоға қатысты елорданың полиция департаменті пікір білдіріп, мән-жайды түсіндірді.

Құқық қорғау органының мәліметінше, 29 сәуірде өткізілген "Қорғау – Қауіпті жүргізуші" жедел-алдын алу іс-шарасы аясында полиция 40 күнде 32 рет жол қозғалысы ережесін бұзған Audi A8 көлігінің жүргізушісін анықтаған.

Оның жол ережесін бұзған сәтін "Сергек" камералары тіркеп отырған, сондай-ақ жол ережесін бұзғаны жайлы мәліметтер деректер базасында жинақталған.

Осыған байланысты полиция қызметкерлері жол бойында көлікті тоқтатқан.

"Қазақстан Республикасының Әкімшілік-құқық бұзушылық туралы кодексінің 893-бабына сәйкес, салынған айыппұлды өз еркімен төлеу мерзімі әлі аяқталмаған. Жүргізушіге 30 рет жол ережесін бұзғаны жайлы мәлімет почта арқылы хабарланған. Сол жерде тағы қосымша екі бұзушылық жайлы ескертілді", - дейді полициядан.

Сонымен қатар құзырлы орган түсіндіру жұмыстары жүргізілгеннен кейін көлік жүргізушісі жіберілгенін атап өтті.

Ал Audi-дің қасындағы Lexus көлігін полиция тоқтатпағанын оның жүргізушісі Audi-ді тоқтатқан кезде ол да өздігінен тоқтағанын жеткізді.

Осы орайда елордалық полицейлер астана жолдарындағы жағдайды бақылау үшін 6 мыңнан аса бейнекамера қойылғанын, сондықтан да жолда аса мұқият болып, жол қозғалысы ережесін бұзуға жол бермеуге шақырып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1967530-nur-sultan-policiyasy-arnaiy-zasaq-okilderi-zane-kortez-beinelengen-videoga-qatysty-pikir-bildirdi/

pixel