Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бүгін Алматы мен Шымкентте 30 градусқа дейін ыстық болады деп күтілуде

Опубликовано:

Ыстықтап тұрған қыз
Көрнекі фото: pixabay.com

"Қазгидромет" РМК бүгін, 2 сәуірде еліміздің ірі екі қаласы - Алматы мен Шымкентте аптап ыстық күтілетінін хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Синоптиктердің болжамынша, бүгін Алматыда ауа температурасы 29-31 градусқа дейін жоғарылайды.

Оңтүстік астанада жауын-шашын күтілмейді, алайда көшпелі бұлт шығып, екпіні 0-ден 5 м/с-ге жететін жел тұруы ықтимал.

Ел ордасы астанада керісінше жаңбыр жауып, күн 17-19 градус аралығында жылы болмақ. Желдің күші 9-14 м/с дейін жетуі мүмкін.

Шымкентте де бүгін найзағай ойнап, жауын жаууы ықтимал. Дегенмен жаңбырға қарамастан, үшінші мегаполисте 30-32 градусқа дейін күн ыстық болады деп күтілуде.

Желдің екпіні 8-13 м/с дейін, найзағай кезінде 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін.

Айта кетейік, бұған дейін "Қазгидромет" РМК өкілдері мамыр айында елімізде ауа райы қандай болатынын болжаған еді.

Мамандардың мәліметінше, мамырда 40 градус ыстық та, үсік жүріп, күннің салқындауы да күтіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1967640-bugin-almaty-men-symkentte-30-gradusqa-deiin-ystyq-bolady-dep-kutilude/

pixel