Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үсік, жаңбыр, 40 градус ыстық: Мамырда ауа райы қандай болады

Опубликовано:

таулы аймақ
Көрнекі фото: pixabay.com

"Қазгидромет" РМК мамыр айына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Синоптиктердің болжамынша, мамыр айында атмосфералық фронттардың жазғы түріне ауысу процесі жүреді. Сондықтан, мамырда елімізде күн құбылмалы болады. Яғни, ауа температурасы жоғарылап, кейде төміндеуі де мүмкін. Ал түнгі уақытта, тіпті үсік жүруі ықтимал.

Сондай-ақ мамырда республиканың солтүстік жартысында, оңтүстік және оңтүстік-шығысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында жауын-шашын көбірек жауады деп күтіледі.

Метеорологтар мамырдың бірінші күні республиканың басым бөлігінде +20+28°С дейін, оңтүстігінде +33°С-қа дейін жазғы ыстық ауа райы сақталатынын айтады. Кейін Қазақстанның солтүстік-батыс бөлігінде жаңбыр, кей уақытта күшті, екпінді жел, дауыл, бұршақ және ауа температурасының төмендеуі күтіледі. Кейіннен осындай ауа райы еліміздің басқа аудандарында да күтіледі дейді мамандар.

Одан бөлек синоптиктер айдың бірінші жартысында циклондар мен антициклондардың ауысуына байланысты ел аумағында ауа райы тұрақсыз болып және ауа температурасының ауытқуы күтілетінін атап өтті.

Мәселен:

  • республиканың батысында түнде +3-тен +13 градусқа дейін жылы болса, өңірдің солтүстігінде түнде 3 градус үсіктен +8+15 градусқа дейін ауа температурасы жоғарылауы ықтимал. Күндіз +10+20°С-тан +18+25°С-қа дейін жылы болмақ.
  • солтүстікте, орталықта және шығыста түнде ауа температурасы +5+15°С-тан 0,+7°С-қа дейін ауытқып, кей уақытта, тіпті 1-6°С үсік жүруі мүмкін. Ал күндіз сынап бағанасы +18+25°С-тан +8+18°С-қа дейін өзгеруі ықтимал.
  • оңтүстікте, оңтүстік-шығыста түнде +10+20°С-тан +5+15°С-қа дейін, күндіз +23+33°С-тан +15+22°С-қа дейін ауа температурасының ауытқуы күтіледі.

Айдың екінші жартысында республиканың солтүстік жартысында ауа температурасының біртіндеп +25+35°С-қа дейін, ал оңтүстік жартысында +30+35°С-қа дейін, қиыр оңтүстік пен оңтүстік-батыста +40°С-қа дейін жоғарылауы күтіледі.

Сонымен қатар айдың екінші жартысында республика аумағында кей күндері найзағай ойнап, жаңбыр жауып, аптап ыстықтың беті қайтып, ауа температурасы күндіз +20+25°С-қа дейін аздап төмендеуі ықтимал.

Бұл уақытта оңтүстік өңірлерде де қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай күтіледі, дегенмен ауа температурасы жоғары болмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1967526-40-gradusqa-deiin-ystyq-mamyrda-aua-raiy-qandai-bolady/

pixel