jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Рамазан айында елімізде сәбилерге ең көп қойылған есімдер белгілі болды

анасы мен баласы
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстанда сәуір айында дүниеге келген ұлдарға Рамазан, ал қыздарға Медина есімі ең көп қойылған. Бұл деректі Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, Ораза айында Рамазан есімді 1085 ұл дүниеге келген.

Екінші орында сұранысқа ие болған есім - Айсұлтан. Бұл ат 248 ұл балаға қойылған. Танымал үштікке 174 адамның таңдауымен Алихан есімі еніп тұр. Айта кетсек, наурыз айында бұл ең көп қойылған (284) ат болатын.

Сондай-ақ сәуірде 141 қазақстандық баласына Нұрислам есімін берген. Бұл есім наурыз айында да 4-орында болған. Ол кезде 191 балаға осы есім қойылған еді.

Ал, қыздарға ең көп қойылған есім - Медина. Сәуірде 430 ата-ана осы атты таңдаған. Екінші орында - Раяна, бұл есім 383 рет қойылған. Үздік үштікте Айша есімі де бар. Бұл есім 343 қыз балаға берілген.

Басылымның мәліметінше, жалпы, өткен айдағы статистика нәрестелерге негізінен мұсылманша есімдердің жиі қойылғанын көрсетеді.

Айталық, Али, Ислам, Мухаммад, Муслим, Дінмұхаммед, Амина, Ясина, Фатима сияқты басқа да аттар кең таралған.

Рамазан айында елімізде сәбилерге ең көп қойылған есімдер белгілі болды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.