Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазақстанды шын сүйемін": Анадолыда қазақ дәстүрін дәріптеп жүрген поляк қызы туралы не білеміз

Опубликовано:

Анадолыда қазақ дәстүрін дәріптеп жүрген поляк қызы туралы не білеміз
Хабар 24 тілшісі Людмила мен Абдуллах Дөлек шаңырағында. Фото: Хабар 24

Бірнеше жыл бұрын Қазақстаннан Түркияға көшіп кеткен поляк қызы Людмила Дөлек қазақтың дәстүрін Анадолыда дәріптеп жүр. Ол сәті түскен сайын ақ дастархан жайып, ет асып, бауырсақ пісіреді. Тіпті дәстүрлі мейрамдарды үнемі атап өтеді, деп хабарлайды Хабар 24.

Бүгінде Анкарада тұратын Людмила қазаққа тән барлық дүниені жақсы көретінін айтады.

"Қазақстанды шын сүйемін. Қазаққа тән барлық дүниені жақсы көремін. Қостанайға барғанда достарым "біздің қазақ келді" деп қарсы алады. "Сүтпен шай демдейік" деп айтады. Жалпы қазақтың салт-дәстүрі ұнайды. Бір ұғым бар - қонақжайлылық. Күнделікті басқа біреудің үйіне барасың немесе сенің үйіңе қонақ келеді. Мен де сол дәстүрді, осында ұстануға тырысамын. Қонақ шақырғанда барымды жаямын. Түрік қонақтарым жиі келеді. Бәрі дән риза", - дейді Людмила.

Людмиланың жұбайы - Абдуллах Дөлек Анкараның вице-губернаторы. Оның айтуынша, үйіне келген қонақтарға елде жоқ ерекше тағам ұсынылады. Себебі, мұндағы халық жылқы етін жемейді.

"Қазақстанға алты рет бардық. Тұңғыш сапарымда қазақстандықтар мені байрақтарымен қарсы алды. Үлкен дастархан жайды. Басты ас мәзірі – қазақша ет еді. Сол кезде ас жылқының етінен әзірленетінін білдім. Таңғалдым. Өйткені Анадолыдағы жұрт жылқы етін жемейді. Сонда да дәмін көруге бел будым. Ұнады.

Жұбайым да жиі әзірлейді. Қонақтарымызды елімізде табыла бермейтін осындай тағаммен күтеміз. Етпен бірге бауырсақ, бәлішпен сүт қосылған шай ішеміз. Түрік жұртының ас мәзірі бай. Дегенмен етті қазақтар секілді көп қолдана бермейді", - дейді Абдуллах Дөлек.

Тіпті Людмила келген соң Дөлек әулетінде дәстүр өзгерген көрінеді.

"Бірде қасапшы танысым хабарласып, жұбайыңыз 10 келі ет алып жатыр. Бұл өте көп қой. Берейін бе деп сұрады. Мен бере бер дедім. Қазақтардың асында ет болмаса, тағам деп есептемейді деп айттым", - дейді Абдуллах Дөлек.

Авторы: Меруерт Қанағат

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1967696-dostarym-bizdin-qazaq-keldi-dep-qarsy-alady-anadolyda-qazaq-dasturin-dariptep-zurgen-polyak-qyzy-turaly-ne-bilemiz/

pixel