Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өз анасын соққыға жыққан": Алматыда егде жастағы әйелді ұрған ер адамның ісіне қатысты жаңа дерек шықты

Опубликовано:

Зейнеткер соққының астында қалды
Оқиға орны. Видеодан кадр: t.me/abdrakhmanovlive

Алматы қаласы Алатау ауданының прокуроры Ізбасар Масақбаев өзінің Facebook парақшасында ер адам соққыға жыққан зейнеткер әйелге қатысты оқиғаның мән-жайын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Прокурордың сөзінше, бұл жерде отбасылық жанжал болған. Кикілжің кезінде ер адам туған анасына дене жарақаттарын салған.

Алдымен жанжал жәбірленуші мен оның келіні арасында туындаған.

Масақбаевтың айтуынша, ұрыстың шығуына енесінің келініне бейәдеп сөз айтуы себеп болған. Осыдан кейін ер адам келіншегінің сөзін сөйлеп, анасына қарсы шыққан көрінеді.

Зейнеткер әйелдің миы шайқалып, қолы сынып, бірнеше жарақат алған.

Ал 49 жастағы ер адам ұсталған. Аудандық прокуратура ер адамды қылмыстық іс бойынша күдікті деп тану туралы процессуалдық шешім қабылдаған.

Ер адамның іс-әрекеті бұзақылық ниетпен, дәрменсіз күйдегі адамға қатысты ерекше қатыгездікпен денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру деп сараланған.

Прокуратура тергеушінің күдіктіні қамауға алу туралы өтінішін қолдаған. Осылайша, ер адам сот қаулысымен қамауға алынған.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматыда әжейді соққының астына алған ер адамның әрекеті видеоға түсіп қалғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1968143-oz-anasyn-soqqyga-zyqqan-almatyda-egde-zastagy-aieldi-urgan-er-adamnyn-isine-qatysty-zana-derek-syqty/

pixel