Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жеңіс күні: Қазақстанда Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне қанша ақша төленді

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: Sputnik / Абзал Калиев

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Руслан Сәкеев Ұлы Отан соғысының ардагерлері 9 мамыр құрметіне ақшалай төлем алғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ведомство ресми сайтында.

Ведомство мәліметінше, Жеңіс күні қарсаңында жергілікті атқарушы органдар тарапынан 5,4 млрд теңге сомасында біржолғы көмек көрсету қарастырылған.

"Нәтижесінде барлық өңірде ҰОС қатысушылары мен мүгедектері үшін біржолғы материалдық көмек кемінде 1 млн теңге (Ақтөбе облысында – 2 млн теңге) көлемінде көрсетілетін болады.

Концлагерьлердің бұрынғы кәмелетке толмаған тұтқындарына – кемінде 100 мың теңге. Қоршаудағы Ленинград тұрғындары мен ҰОС кезінде қаза тапқан жауынгерлердің жесірлеріне – кемінде 60 мың теңге. Ұлы Отан соғысында қайтыс болған мүгедектердің әйелдеріне және тыл еңбеккерлеріне – кемінде 30 мың теңге", – деді Руслан Сәкеев.

Біржолғы ақшалай төлем алатындар қатарына келесі санаттағы азаматтар кіреді:

  • ҰОС қатысушылары мен мүгедектері – 381 адам;
  • қоршаудағы Ленинград тұрғындары – 92 адам;
  • концлагерьлердің бұрынғы кәмелетке толмаған тұтқындары – 212 адам;
  • қайтыс болған ҰОС мүгедектерінің әйелдері (күйеулері) – 3 221 адам;
  • ҰОС кезінде қаза тапқандардың жесірлері – 6 адам;
  • тыл еңбеккерлері - 74 116 адам;
  • ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген басқа тұлғалар – 20 111 адам.

Руслан Сәкеевтің сөзінше, қазіргі уақытта ҰОС ардагерлеріне ақшалай төлем толық берілген. Ал басқа санаттарға 9 мамырға дейін төленеді.

Сонымен қатар Жеңістің 77 жылдығын мерекелеу құрметіне ардагерлерге естелік сыйлықтар табыс етіледі.

Одан бөлек вице-министр соғыс ардагерлері, тыл қызметшілері және кейбір басқа санаттағы азаматтар алатын ай сайынғы әлеуметтік жәрдемақылар туралы айтты.

Оның сөзінше, 2022 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша зейнетақыны ескере отырып, ай сайын алатын әлеуметтік төлемдердің орташа жиынтық мөлшері:

  • ҰОС қатысушылары - 193 714 теңге (289 адам);
  • ҰОС мүгедектері - 201 615 теңге (98 адам);
  • басқа мемлекеттер аумағындағы соғыс қимылдарының ардагерлері - (Ауғанстанда, Вьетнамда, Алжирде, Египетте, Иракта және т. б.) 205 041 теңге (24 943 адам);
  • ҰОС қатысушыларына теңестірілген тұлғалар - 161 174 теңге (3 886 адам);
  • ҰОС мүгедектеріне теңестірілген тұлғалар - 124 409 теңге (14 780 адам);
  • ҰОС жылдарындағы тыл еңбеккерлері - 132 060 теңге (69 248 адам).

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1968300-zenis-kuni-qazaqstanda-uly-otan-sogysy-ardagerlerine-qansa-aqsa-tolendi/

pixel