Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні туралы не білеміз

Опубликовано:

9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні:  тарихтан бүгінге дейін
9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні: тарихтан бүгінге дейін : Pixabay

Жеңіс күні – Қазақстан халқы үшін айтулы мереке. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде миллиондаған қазақстандық неміс фашизміне қарсы күресте жан алысып, жан беріскеніне тарих куә. Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің сол жылдардағы ерен еңбегі – бүгінгі жастардың мәңгілік есінде. Осыған орай, аталған материалда Ұлы Жеңіс күні жайлы бірқатар қызықты деректерді назарларыңызға ұсынуды жөн көрдік.

Қазақстандағы Жеңіс күнінің тарихы

Қазақстан аумағында екінші дүниежүзілік соғыстың ұрыс-қимылдары жүрмегенімен, сұм соғыс миллиондаған қазақ отбас ын ойрандап, мыңдаған қазақстандықтың жанына жара салғаны анық. КСРО-ның Еуропа бөлігін фашистер басып алған сәтте, Қазақстан елдің жұмылдыру орталықтарының біріне айналды. Мұнда 12 атқыштар және 4 кавалерия дивизиясы, 7 бригада, 50 полк құрылды. Қазақстанда генерал Иван Панфиловтың басшылығымен аты аңызға айналған атқыштар дивизиясы құрылды.

Тарих ғылымдарының докторы, профессор Қадыржан Әбуов республиканың сол кездегі 6,5 млн халқының 1,2 млн-нан астамы, яғни шамамен 20 пайызы майданға аттанғаны туралы деректер айтады. Соғыс майданға кеткендердің әрбір екіншісінің, яғни халықтың 12 пайызының - 600 мыңнан астам қазақстандықтың өмірін жалмады.

Мыңдаған қазақстандық өздерін ержүрек жауынгер ретінде көрсетіп, ордендер мен медальдармен марапатталды. Көп жылғы зерттеулердің нәтижелері бойынша ғалым ел тұрғындарының майдандағы ерлігі туралы төмендегідей деректерді назарға ұсынады:

  • 520 жауынгер Кеңес Одағының Батыры атанды.
  • Даңқ орденінің иегерлері – 110 мың майдангер.

Қазақ халқы Кеңес Одағының екі мәрте Батыры атанған қазақстандық ұшқыштардың есімін мәңгі есте сақтайды әрі оларды мақтан тұтады:

  • Талғат Бигелдинов – шабуылдаушы-ұшқыш, 1945 жылы 24 маусымда Мәскеуде өткен Жеңіс Парадының қатысушысы.
  • Леонид Беда – әуе эскадрильясы командирі, әуеде 214 жауынгерлік ұшуға қатысқан.
  • Иван Павлов — эскадрилья командирі, ол 237 әскери ұшу мен шабуылға қатысқан.
  • Сергей Луганский – жаудың 37 ұшағының көзін жойып, 390 әскери ұшуға қатысқан ұшқыш.

Қазақстан азаматтары тек майданда ғана емес, мыңдаған партизан қозғалысына да қатысты. Тарихи деректерде Қазақстаннан шыққан 300 азаматтың Еуропадағы қарсылық қозғалысының белсенді қатысушысы болғаны жазылған.

Тарих ғылымдарының докторы Зәуреш Сақтағанова Қазақстан әйелдерінің соғысқа қатысуын зерттеді. Сол жылдары майданға 9,5 мың қазақ қызы — жұмылдырылған, еркін жалданған, партизандар ретінде аттанды. Ел аузында мерген қыз Әлия Молдағұлова мен пулеметші Мәншүк Мәметованың ерлігін күні бүгінге дейін көпке үлгі етеді. Ержүрек қазақ қыздары Кеңес Одағының Батырлары атағын алды.

Соғыс Жеңіспен аяқталып, Германия жеңілу туралы актіге қол қойғаннан кейін, 9 мамыр – барлық Қазақстан халқы күшін, атаулы мереке ретінде атап өтіліп келеді. Ал 1965 жылдан бастап ол демалыс күні ретінде бекітілді.

9 мамырда биыл Қазақстан халқы қалай демалады?

Тәуелсіз елде мерекелеу дәстүрі сақталып, 9 мамыр мемлекеттік мереке ретінде тойланады. Биыл қазақстандықтар қазақстандықтар мамырдың екінші аптасында екі мереке – Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне орай үш күн қатарынан – 7, 8 және 9 мамырда демалады. 10 мамыр, жұма – жұмыс күні, ал 11 мен 12 мамырда әдеттегідей демалыс болмақ.

9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні:  тарихтан бүгінге дейін
9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні: тарихтан бүгінге дейін : UGK

Қазақстанда мерекені атап өту ерекшеліктері

Соғыстан кейінгі алғашқы бейбіт жылдарда Жеңіс күнінің басты кейіпкерлері майданнан оралған жауынгерлер болды. Қазақстанда соғыстан кейінгі 77 жыл ішінде ардагерлер саны жыл санап азайып барады, елімізде қазір олардың саны бар-жоғы – 148. Алайда ардагерлердің ерен ерлігін олардың жесірлері, тыл еңбеккерлері балалық шағы соғыс жылдарымен тұспа-тұс келген азаматтар мәңгілік есте сақтайды. "Ардагерлер туралы" ҚР Заңы Ұлы Отан соғысының ардагері атағына кімдер ие бола алады және оларға қандай әлеуметтік қолдау шаралары көрсетілетінін белгілейді.

Қазақстан ардагерлерін биыл мерекеде қалай құттықтайды?

Қазақстан үкіметінің Telegram-дағы арнасында Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері мен басқа да қатысушыларына төленетін төлемдерге бюджеттен 187 миллион теңге бөлінгені хабарланды.

"Әлеуметтік көмек көрсетудің қолданыстағы қағидаларына сәйкес 9 мамырға орай берілетін біржолғы төлемдер сомасы жергілікті бюджеттердің мүмкіндіктеріне және мәслихаттардың шешімдеріне байланысты әр облыста дербес белгіленеді", - деп түсіндірді үкіметтегілер.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ұсынысы бойынша соңғы жылдары көптеген облыстарда ардагерлерге төлемдер бірыңғай мөлшерде төленеді. Биыл республика бойынша біржолғы әлеуметтік көмектің орташа мөлшері 1,5 млн теңгеге тең болды. Көптеген өңірде орташа мөлшерден жоғары сома төленді: Ақмола облысында – 3 млн теңге, Ақтөбе облысында – 2 млн теңгеден астам. Абай, Алматы, Қарағанды, Павлодар облыстары мен Астана және Алматы қалаларында ҰОС қатысушылары 2 млн теңгеден алды.

Қазақстанда Жеңіс күні қалай атап өтіледі?

Қазақстанның барлық қалаларында салтанатты және естелік іс-шаралар өткізіледі. Биылғы жылы Орал қаласында Жеңіс күніне арналған бірқатар іс-шаралар жоспарланған.

  • 9 мамыр күні сағат 10.00-де "Алтын Орда" мәдениет үйінде "Менің Отаным – Қазақстан" атты мерекелік концерт өтеді.
  • 9 мамыр күні сағат 10.00-де Жеңіс алаңында "Ер есімі-ел есінде" атты іс-шара жоспарланған
  • 9 мамыр күні сағат 8.00-де Жеңіс алаңында, бауырластар қабіріне, "Батыр қыздар" алаңында Жуков, Масин ескерткіштеріне және "Бұл күндердің даңқы өшпейді" мемориалына гүл шоқтарын қою.
  • 9 мамыр күні сағат 9.00-де ОМЗ алаңында "Ұлы жеңіс жасасын" атты салтанатты марш өтеді. Мұнда ардагерлерге сарбаз ботқасы беріледі, ал қала тұрғындарының назарына мерекелік концерт ұсынылады.
  • 9 мамыр күні сағат 10.00-де №49 ЖОББМ-де "Ерлікке тағзым" іс-шарасын өткізу жоспарланған.
  • 1-9 мамыр аралығында "Орал" спорт кешенінде жасөспірімдер арасында шағын футболдан қалалық ашық турнир өтеді.

Қазақстанда неліктен 9 мамырға арналған шеру өтпейді?

ҚР Қорғаныс министрлігі бюджет қаражатын үнемдеп, оны басқа істерге жоспарлаған.

"2024 жылы Қазақстанда әскери шеру өткізу бюджет қаражатын үнемдеу есебінен, сондай-ақ басқа да міндеттерді шешу қажеттілігіне байланысты жоспарланбайды", - делінген хабарламада.

Қорғаныс министрлігінің өкілдері басқа міндеттердің Қазақстан Қарулы күштері бөлімшелерінің жауынгерлік әзірлігі мен ұтқырлығының қажетті деңгейін қолдауды көздеу екендігін атап өтті.

Ұлы Отан соғысы – Қазақстан үшін өзіндік мән-мағынасы бар, тарихи оқиға. Сұрапыл соғыста мыңдаған қазақстандық аталарынан айрылды, соғыс жылдарында туған балалар әкелерін көрмей, жетімдіктің ашы дәмін татты. Сол себепті бұл күн – Қазақстан халқы үшін маңызы зор әрі алтыннан да бағалы күн ретінде қабылданады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1968431-9-mamyr-uly-zenis-kuni-tarixtan-buginge-deiin/