Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтар мамырда қанша күн демалады

Опубликовано:

көктем
Бөртегүл. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Келесі айда Қазақстанда бірден үш мереке болады, сол себепті мереке күндеріне орай демалыс күндері ауыстырылады. Тиісті бұйрыққа еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қол қойды, деп хабарлайды eGov.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Мамыр айында Қазақстанда үш мереке болмақ: 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні, 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні, 9 мамыр – Жеңіс күні.

1 мамырда, яғни сәрсенбіде тек бір демалыс күні болады. 2 мамыр, яғни бейсенбі – жұмыс күні.

Бұл ретте 4 мамыр, сенбіде тіпті бес күндік графикпен жұмыс істейтіндер үшін жұмыс күні болып саналады – сенбінің демалысы 8 мамырға ауыстырылды. Бұл туралы кеше Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері хабарлады.

Осылайша қазақстандықтар мамырдың екінші аптасында екі мереке – Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне орай үш күн қатарынан – 7, 8 және 9 мамырда демалады.

10 мамыр, жұма – жұмыс күні, ал 11 мен 12 мамырда әдеттегідей демалыс болмақ.

Күнтізбе
Күнтізбе. Скриншоты: egov.kz

Еске салайық, сәуірдің басында Қорғаныс министрлігі мамырдағы мереке күндерінде елімізде әскери шерулер өтетінін айтқан еді.

Айта кетейік, "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" заңына сәйкес, елімізде мемлекеттік және ұлттық мерекелер ғана жұмыс күндеріне түсіп қалса демалыс болып саналады, яғни қоғамдық-саяси мәні бар оқиғалармен байланысты күндер, сондай-ақ дәстүрлі мерекелер ғана демалыс күндері болып есептеледі.

Қазақстандағы мемлекеттік мерекелер:

  • 1-2 қаңтар – Жаңа жыл;
  • 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні;
  • 21-23 наурыз – Наурыз мейрамы (23 наурыз сенбіден 25 наурыз дүйсенбіге ауыстырылады);
  • 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні;
  • 7 мамыр – Отан Қорғаушы күні;
  • 9 мамыр – Жеңіс күні;
  • 6 шілде Астана күні (6 шілде сенбіден 8 шілде дүйсенбіге ауыстырылады);
  • 30 тамыз – Конституция күні;
  • 25 қазан – Республика күні;
  • 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні.

Қазақстанда жалғыз ғана мемлекеттік мереке бар – Республика күні, ол 25 қазанда тойланады.

Сонымен қатар Қазақстанда мемлекеттік және ұлттық мерекелерден бөлек кәсіби және т.б. мерекелер тойланады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2087498-qazaqstandyqtar-mamyrda-qansa-kun-demalady/

pixel