Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда мыңнан астам адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр

Опубликовано:

індет11
Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

7 мамырдағы мәлімет бойынша Қазақстанда 1363 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр. Тиісті мәліметті Денсаулық сақтау министрлігі ұсынды, деп хабарлайды Хабар 24 арнасы.

Олардың ішінде 76 пациент стационарда, 1287 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 10 адамның жағдайы ауыр, 0 пациенттің жағдайы өте ауыр, 1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Айта кетейік, осыған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Оңтүстік Африкада коронавирус ауруының көбеюіне себеп болған омикронның екі жаңа штамы туралы мәлімдеген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1968459-qazaqstanda-mynnan-astam-adam-koronavirus-infekciyasynan-emdelip-zatyr/

pixel