Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Күн күркіреп, жаңбыр жауады: Алдағы үш күнде елімізде ауа райы қандай болады

Опубликовано:

Жаңбыр
Көрнекі фото: Pexels

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 10-12 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады.

Ал республиканың батысы мен оңтүстігінде кей кезде қатты жаңбыр жауып, күн күркірейді, бұршақ жауады деп болжануда. Бұл өңірлерде жел 15-20 м/с дейін күшейіп, екпіні 25 м/с дейін жетуі ықтимал.

Еске сала кетсек, бұған дейін "Қазгидромет" РМК мамандары мамыр айына арналған ауа райы болжамын ұсынған еді.

Метеорологтардың дерегінше, мамырда елімізде күн құбылмалы болады. Яғни, ауа температурасы жоғарылап, кейде төміндеуі де мүмкін. Ал түнгі уақытта, тіпті үсік жүруі ықтимал.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1968572-kun-kurkirep-zanbyr-zauady-aldagy-us-kunde-elimizde-aua-raiy-qandai-bolady/

pixel