Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Білім және ғылым министрлігі оқушы зорланды деген ақпараттан соң жекеменшік мектепті тексереді

Опубликовано:

Бала1
Көрнекі фото: piqsels.com

Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқығын қорғау комитетінің төрағасы Есенғазы Иманғалиев пен балалар құқығы жөніндегі штаттан тыс кеңесші Раиса Шер жекеменшік мектепте оқитын 1-сынып оқушысы зорланды деген ақпараттан соң мән-жайды зерттеу үшін Алматыға келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Балалар құқығын қорғау комитетінің төрағасы Есенғазы Иманғалиевтің айтуынша, бұл жағдай ерекше бақылауда. Бүгін профилактикалық іс-шаралар жүргізу мақсатында жекеменшік мектепте тексеріс жүргізіледі.

"Сонымен қатар оқушының отбасына да барып, қажетті көмек көрсетеміз. Балаға психологиялық көмек көрсетіледі. Тергеудің қорытындыларына байланысты шаралар қабылданады. Сараптама нәтижесін күту маңызды. Құқық қорғау органдарымен байланыста боламыз", - деді Есенғазы Иманғалиев.

Еске сала кетсек, бұған дейін құқыққорғаушы Дина Таңсәрі желідегі парақшасында Алматыдағы жекеменшік мектептердің бірінде бірінші сынып оқушысын жоғары сынып оқушылары зорлағаны туралы хабарлаған еді.

Бұған қатысты пікір білдерген Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов Қылмыстық кодекстің 121-бабы (Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық) бойынша іс қозғалғанын айтты.

Қазіргі таңда тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1969019-bilim-zane-gylym-ministrligi-oqusy-zorlandy-degen-aqparattan-son-zekemensik-mektepti-tekseredi/

pixel