Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Референдумға қатысу құқығы бұзылған адамдар сотқа жүгіне алады

Опубликовано:

Сот
Көрнекі фото: pixabay.com

Республикалық референдум кезінде құқығы бұзылған азаматтар прокурорлар мен сотқа жүгіне алады. Бұл туралы Қазақстан бас прокурорының аға көмекшісі Азамат Сарғазин орталық сайлау комиссиясында өткен семинарда мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Бұқаралық ақпарат құралдарындағы үгіт туралы айтсақ, анонимдік үгіт материалдарын таратуға, сондай-ақ реферндумға 1 күн қалғанда және референдум өтетін күні үгіт жүргізуге тыйым салынады. Ол үшін де әкімшілік жауаптылық қарастырылған. Яғни, Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 102 және 113-бабымен жауапқа тартылады", - деді бас прокурордың аға көмекшісі.

Сондай-ақ, ол азаматтардың республикалық референдумға қатысу құқығы шектелсе немесе бұзылса, прокурорлар айрықша құзыретінің негізінде қылмыстық іс қозғай алатынын айтты.

"Бұл істерді соттар қарайды. Бұл жерде атап өткім келетіні, азаматтар мұндай кедергілерге тап болса, сотқа тікелей жүгіне де алады", - деді Азамат Сарғазин.

Айта кетейік, бүгін үкімет отырысында премьер-иинистрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев конституциялық реформаға қатысты өтетін республикалық референдум өткізуге қанша қаражат бөлінгенін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1969069-referendumga-qatysu-quqygy-buzylgan-adamdar-sotqa-zugine-alady/

pixel