Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шығыс Қазақстан облысының "үздік келіні" анықталды

Опубликовано:

үздік келін
Фото: Шығыс Қазақстан облысының ақпарат орталығы

ШҚО-ның Глубокое ауданында "Аяулы жас келін" байқауы өтті. Жас келіндер салт-дәстүр, әдет-ғұрып және ұлттық тағамдарды дайындау бойынша сынға түсіп, шығармашылық және интеллектуалдық қабілеттерін де көрсетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі ШҚО-ның ақпараттық орталығына сілтеме жасап хабарлайды.

Байқауға ШҚО-ның әр түрлі қалалары мен аудандарынан келген 16 келін қатысқан. Қазылар алқасы олардың ең үздіктерін анықтаған.

Келіндер
Фото: Шығыс Қазақстан облысының ақпарат орталығы

Сайыс жергілікті мәдениет үйінде өткен. Ол жерде арнайы құрылған киіз үйлердің алдында қатысушылар самаурын қайнатып, қазанда бауырсақ пісірген.

Анжелика Шабданбекова
Анжелика Шабданбекова. Фото: Шығыс Қазақстан облысының ақпарат орталығы

"Менің тұрмысқа шыққаныма екі жылдай уақыт болды. Мен қазақтың келінімін, сондықтан қазақ халқының салт-дәстүрлерімен жақсы таныспын. Бұндай байқауға алғаш рет қатысып отырмын. Бүгін мені отбасым, күйеуім және 10 айлық қызым қолдап келіп отыр", - дейді Өскемен қаласының атынан сынға түскен қатысушы Анжелика Шабданбекова.

Келін
Айдана Тұрсынқожанова. Фото: Шығыс Қазақстан облысының ақпарат орталығы

Тағы бір қатысушы Үржар ауданының тұрғыны Айдана Тұрсынқожанованың тұрмысқа шыққанына 6 жыл болған. Оның үш баласы бар.

Айдана анасы ерте жастан бастап үй шаруасына үйреткенін айтады. Тұрмыс құрғаннан кейін ол енесінен де көп нәрсе үйренгенін атап өтті.

Дастархан
Фото: Шығыс Қазақстан облысының ақпарат орталығы

Байқау қорытындысы бойынша Абай ауданының тұрғыны Айдана Байтусова жеңімпаз атанды.

Екінші орынды Глубокое ауданының атынан сынға түскен Ажар Төлеуханова мен Риддер қаласының намысын қорғаған Ардақ Малтаева иеленді.

Үшінші орын өскемендік Анжелика Шабданбековаға бұйырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1969226-sygys-qazaqstan-oblysynyn-uzdik-kelini-anyqtaldy-foto/

pixel