Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысында автобус апатқа ұшырады: Зардап шеккен тағы бір адам көз жұмды

Опубликовано:

Аурухана
Көрнекі фото: pixabay.com

Жамбыл облысында автобустың қатысуымен болған жол апатынан зардап шеккен тағы бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды Хабар 24.

Басылымның жергілікті денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап хабарлауынша, марқұм өмірінің соңғы сәттерін Жуалы ауданы орталық ауруханасының жансақтау бөлімінде өткізген.

Ал жол апатынан қаза тапқандар саны үш адамға жетіп отыр. Бұған дейін марқұм болған екі адамның денесі туған жері - Өзбекстанға жеткізілген еді.

Қазір медицина қызметкерлері жапа шеккен тағы екі адамның жағдайын ауыр деп бағалап отыр. Олардың бірін санитарлық авиация бортымен Тараз көп салалы ауруханасына жеткізген.

Еске сала кетсек, 12 мамыр күні сағат 15:50-де Батыс Еуропа - Батыс Қытай тасжолының 571-шақырымында ірі жол апаты болды. Салдарынан оқиға орнында екі адам қаза тауып, үш адам жансақтау бөліміне жатқызылған болатын. Одан бөлек, тағы 33 адам зардап шекті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1969322-zambyl-oblysynda-avtobus-apatqa-usyrady-zardap-sekken-tagy-bir-adam-koz-zumdy/

pixel