Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"ҰБТ, жеңілдетілген автонесие": Қазақстанда бүгін қандай маңызды оқиғалар өтуде

Опубликовано:

көлік
Көрнекі фото: pixabay.com

16 мамырда қазақстандықтар үшін екі бірдей маңызды оқиға болып жатыр. Бүгін ел тұрғындары асыға күткен жеңілдетілген автонесие беру басталды, сондай-ақ бүгін негізгі ҰБТ-ның алғашқы күні, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

4 пайызбен жеңілдетілген автонесие беру

Бүгін елімізде 4 пайыздық үстемемен жеңілдетілген автонесие беру басталды. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, жеңілдетілген несие бағдарламасы бойынша қаржыландыру сомасы шамамен 100 млрд теңгені құрайды.

Жеңіл автокөліктерді сатып алуға несие беру келесі шарттар бойынша жүзеге асырылады:

  • сыйақы мөлшерлемесі - 4 пайыз;
  • бастапқы жарна - 0 пайыздан бастап;
  • несиелендіру сомасы - 10 млн теңгеден;
  • қаржыландыру мерзімі - 7 жылдан;
  • көлік құралының құны - 15 млн теңгеден аспау қажет.

Несие беруді екінші деңгейлік банктер жүзеге асырады.

Қазіргі күнге дейін банктерге автонесие алуға 15 мыңнан астам өтініш түскен.

Бүгін - 11 сынып оқушылары үшін негізгі ҰБТ-ның алғашқы күні

Ұлттық бірыңғай тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев өзінің Facebook парақшасында бүгін, 16 мамыр негізі ҰБТ-ның алғашқы күні екенін хабарлады.

Оның мәліметінше, ҰБТ-ға тіркелу 28 сәуір мен 14 мамыр аралығында жүргізілген. Нәтижесінде 282 мыңнан астам (бірінші мүмкіндікке 157 мың, екінші мүмкіндікке 125 мың) өтініш қабылданған.

Осы орайда Руслан Емелбаев 2022 жылы ҰБТ-да болатын өзгерістер туралы еске сала кетті.

Айтуынша:

  • 2022 жылы талапкерлер ҰБТ-ны екі рет тапсыра алады;
  • Әр талапкер ҰБТ-ның күнін, уақытын және орнын өзі таңдайды;
  • Талапкерге тест тапсыратын күнін, уақытын және бейіндік пәндерін еске салатын SMS жолданады. Сондай-ақ SMS талапкердің ата-анасына да жіберіледі;
  • ҰБТ-ның барысын ата-аналар онлайн-трансляция арқылы бақылай алады;
  • Талапкердің жеке тест нұсқасы болады. Осылайша, ҰБТ-ның әділ өтуі қамтамасыз етіледі;
  • Тест кезінде жүйеге енгізілген калькулятор, Менделеев кестесі, тұздардың ерігіштігі жайлы кестені қолдануға болады;
  • ҰБТ аяқталғаннан кейін экранда, сонымен қатар жеке кабинетте жеке тақырыптық талдау ұсынылады. Бұл - келесі тест алдында қателіктермен жұмыс істеуге мүмкіндік беру үшін жасалған;
  • Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қосымша уақыт (40 минут) берілді. Сондай-ақ олар үшін суретсіз, диаграммаларсыз және сызбаларсыз тест нұсқалары дайындалған;
  • Тестілеу аяқталған соң нәтижелерді бірден көріп, қажет болған жағдайда 30 минут ішінде апелляцияға өтініш беруге болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1969404-ubt-zenildetilgen-avtonesie-qazaqstanda-bugin-qandai-manyzdy-oqigalar-otude/

pixel