jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Сәке Қанатұлы
Сәке Қанатұлы
Бұрынғы қызметкер

Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы ауруханада жатыр

Фото
Фото: Арыстанбек Мұхамедиұлы/Facebook

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің директоры, бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы денсаулығына байланысты ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы NUR.KZ тілшісіне Мұхамедиұлының баспасөз хатшысы хабарлады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ұлттық музей басшылығы 146 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінгенін хабарлаған еді. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

NUR.KZ тілшісі ақпарат алу үшін бұрынғы Мәдениет және спорт министрінің баспасөз хатшысына хабарласты. Ол әлеуметтік желілер мен БАҚ-та тарап жатқан хабарламалардың барлығы шындыққа жанаспайтынын жеткізді.

"Қазір әлеуметтік желілерде және көптеген ақпарат агенттігінде жазылып жатқан жаңалықтар шындыққа жанаспайды. Иә, бізде Ұлттық музейде тексерулер болды, үш орган тексерді - Есеп комитеті, Қаржы аудиты, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі. Олар мұражайдың 2016 жылдан бастап бүгінгі күнге дейінгі қызметін тексерді.

Арыстанбек Мұхамедиұлына келетін болсақ, оны жеке тексерген жоқ. Қазіргі уақытта оның ақша жымқырды деген күдікке ілінгені айтылуда, алайда бұл әлі дәлелденбеді. Ресми органдардың ешқайсысы бұны растамады, оған ресми ордер ешкім берген жоқ", - деді баспасөз хатшысы Айдар Қырықбай.

Ол әлеуметтік желіде суицидке қатысты кеңінен тараған ақпаратты жоққа шығарды.

"Өз-өзіне қол жұмсау және оның үйінде тексеру болғаны туралы хабарламалар шындыққа жанаспайды.

Ол өмірді жақсы көреді. Ол музыкамен, шығармашылықпен айналысады. Бұндай адам ондайға қалай барады? (өз - өзіне қол жұмсау әрекеті - ред.) және оған ешқандай айып талғылмады.

Қазіргі уақытта ол денсаулығына байланысты екінші қалалық ауруханада жатыр. Көптеген журналист оның аяғында проблема бар екенін біледі. 1-10 мамыр аралығында ол ауруханаға барып, тексеруден өтті. Яғни, бұл жоспарлы емдеу. Барлық жерде жазылып жатқан ақпараттар жалған және тексеруге қатыстысы да", - деп сөзін қорытындылады Ұлттық музейдің баспасөз хатшысы.

Айта кетейік, бірнеше сағат бұрын Арыстанбек Мұхамедиұлы өзінің Facebook парақшасында президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына үндеу жариялап, қайда және кім боп жұмыс істегенін, ел мәдениетінің дамуына қандай үлес қосқанын баяндаған.

Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы ауруханада жатыр

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.