Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлттық музей басшылығы бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді

Опубликовано:

Қазақстан теңгесі
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Ұлттық музей басшылығы 146 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Telegram арнасында хабарлады.

"Нұр-Cұлтан қаласы бойынша Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Мәдениет және спорт министрлігінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі" РМҚК лауазымды тұлғаларына қатысты "Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі" халықаралық көрмесін өткізу бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарт аясында 146 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқыру белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде", - делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, шарттың жалпы сомасы 1,2 млрд теңгені құрайды.

Қазіргі уақытта тергеу сотының санкциясымен тінту, сондай-ақ куәлардан жауап алу және басқа да тергеу әрекеттері жүргізілуде.

"Іс бойынша түпкілікті шешім қылмыстық іс жүргізу заңнамасының талаптарын орындау нәтижелері бойынша қабылданатын болады", - деді агенттіктен.

Тергеу мүддесіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1969518-ulttyq-muzei-bassylygy-byudzet-qarazatyn-zymqyrdy-degen-kudikke-ilindi/

pixel