Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шығыс Қазақстан облысында бір апта бұрын жоғалып кеткен ер адам іздестіріліп жатыр

Опубликовано:

Иван Савельев
Иван Савельев. Фото: ШҚО ПД

Шығыс Қазақстан облысы Алтай қаласының 34 жастағы тұрғыны Иван Савельев 10 мамыр күні үйінен шығып кетіп, сол күйі оралмаған. Қазір оны тәртіп сақшылары іздеп жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі өңірлік полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 12 мамыр күні Алтай ауданы полиция бөлімінің "102" желісіне жергілікті тұрғыннан қоңырау түскен.

Ол 10 мамыр күні сағат 00:30 шамасында 1988 жылы туған күйеуі Иван Савельевтің үйінен шығып, сол күйі оралмағанын айтқан. Қазіргі уақытқа дейін оның қайда екені белгісіз.

"Аталған факті белгіленген тәртіпте тіркелді. Жоғалған азаматты іздеуге жеке құрам жұмылдырылды, іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысының полиция департаментінен.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ақмола облысында 29 сәуірде із-түзсіз жоғалып кеткен ер адам 12 күннен кейін орманнан табылғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1969649-sygys-qazaqstan-oblysynda-bir-apta-buryn-zogalyp-ketken-er-adam-izdestirilip-zatyr/

pixel