jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

220-дан астам қазақстандық Qnet компаниясынан материалдық залал келгенін мәлімдеді

Ақша
Көрнекі фото: Владимир Третьяков/NUR.KZ

Қазіргі уақытта Qnet компаниясының қызметіне қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр. Елде 220-дан астам адам аталған компаниядан материалдық залал келгенін айтып отыр. Бұл туралы Алматы қалалық ПД бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов өзінің Telegram арнасында жазды.

Qnet компаниясына қатысты қылмыстық іс Алматы қалалық ПД СДТБТ-да Қылмыстық кодекстің 217-бабы ("Қаржылық (инвестициялық) пирамида құру және оған басшылық ету") бойынша тіркелді.

"Тергеу барысы Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігі, Алматы қаласы прокуратурасы және полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында, біз тергеу іс-шараларын жүргізіп жатырмыз", - деді Әбдірахманов.

Полицей QNET ел заңнамасының талаптарына сәйкес кәсіпкерлік қызмет жүргізбейтінін атап өтті. Оның сөзінше, компанияда банктік және инвестициялық қызметті, сондай-ақ банк операцияларын жүзеге асыруға лицензиялар мен өзге де рұқсат құжаттар жоқ.

"Халықтан қырағы болуды сұраймын...", - деп ескертті Рустам Әбдірахманов.

Ол сондай-ақ Qnet компаниясының материалдық залал келтіргені туралы арызбен құқық қорғау органдарына 220-дан астам адам жүгінгенін атап өтті.

Еске сала кетейік, сәуір айында Ақмола облысында "Qnet" халықаралық қаржы пирамидасының басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғанын жазған едік.

220-дан астам қазақстандық Qnet компаниясынан материалдық залал келгенін мәлімдеді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.