Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қаскелеңде заңсыз көкпар ұйымдастырған ер адам мен үш қатысушы ұсталды

Опубликовано:

көкпаршылар
Қаскелең көшесінде көкпар тартып жүрген азаматтар. Видеодан кадр: ALMATY_KRIS_P

Алматы облысы Қаскелең қаласында заңсыз көкпар ұйымдастырған ер адам оның үш қатысушысы ұсталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Алматы қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ұсталғандар Қарасай аудандық полиция басқармасына жеткізілген. Көкпарды ұйымдастырған 66 жастағы зейнеткер болып шықты.

"Көкпарды Қаскелең қаласының 66 жастағы тұрғыны жиенінің туған күніне орай ұйымдастырған. Ұсталғандардың берген түсініктемелеріне қарағанда ат ойыны алдымен Қаскелеңнің шетіндегі жазық далада өткен, алайда кейін қатысушылар қала көшелеріне қарай ойысқан.

Ұсталған ер адамдар әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-і бабы бойынша (Ұсақ бұзақылық) және 614-і бабы бойынша (Көлiк құралдарының жүруіне кедергi келтіру) жауапкершілікке тартылады", - делінген ведомство хабарламасында.

Полиция департаменті көкпардың өзге де қатысушыларын іздестіру жұмыстары жүріп жатқанын хабарлады.

Сонымен қатар тәртіп сақшылары 34 жастағы ер адамның көлігін зақымдаған көкпаршының жеке басын анықтауға ниетті екенін мәлім етті.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматы облысы Қаскелең қаласында көкпар ойынына қатысушылардың көшедегі қозғалысқа кедергі келтіріп, көліктердің бірін зақымдағанын хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1969754-qaskelende-zansyz-kokpar-uiymdastyrgan-er-adam-men-us-qatysusy-ustaldy/

pixel