"Найзағай, жаңбыр, жел": Синоптиктер 18 мамырдағы ауа райын болжады
Жарияланған күні:
Синоптиктер 18 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Еліміздің оңтүстігі пен солтүстігінде қатты жаңбыр жауып, найзағай күтілуде. Бұл туралы Қазгидрометтің ресми сайтында хабарланды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Синоптиктердің болжамынша, ауын-шашынсыз ауа райы елдің тек шығысында сақталатын болады. Ал территорияның қалған бөлігінде Солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктер өз әсерін сақтайтын болады. Оңтүстік пен солтүстікте қатты жаңбыр жауады, найзағай, бұршақ, дауыл, желдің күшеюі, батыс пен оңтүстікте – шаңды дауыл, солтүстікте түнде және таңертең тұман күтіледі.
Ақмола облысының батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде бұршақ, күндіз батысы мен оңтүстігінде желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.
Күндіз Алматы облысының таулы аударында, Атырау облысының батысы, шығысы мен орталығында, Маңғыстау облысының солтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстігі мен орталығында, Қызылорда облысының орталығында желдің 15-20 м/с күшеюі, Маңғыстау, Қызылорда облыстарында шаңды дауылмен күтіледі.
Түркістан облысының оңтүстігі, батысы, солтүстігі, таулы және тау бөктерлі аудандарында дауыл, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысы, солтүстік-батысында бұршақ, дауыл, түнде солтүстігі, солтүстік-батысында, күндіз басым бөлігінде желдің 15-20, күндіз екпіні 23 м/с күшеюі күтіледі.
Қостанай облысының түнде оңтүстігінде, күндіз батысы мен оңтүстік-шығысында бұршақ, дауыл, түнде және таңертең шығысында тұман, күндіз батысы мен оңтүстігінде желдің 15-20, екпіні 23 м/с күшеюі күтіледі. Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігі мен шығысында дауыл, бұршақ, батысы, оңтүстігі мен шығысында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.
Таңертең және күндіз Павлодар облысының батысы, солтүстігі мен орталығында бұршақ, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Күндіз Қарағанды облысының солтүстігі, оңтүстігі мен орталығында бұршақ, батысы мен орталығында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.
Жамбыл облысының оңтүстігі, солтүстігі мен таулы аудандарында бұршақ, дауыл, оңтүстік-батысы, солтүстік-шығысы мен таулы аудандарында желдің 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с күшеюі күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында, Павлодар облысының орталығы мен орталығында төтенше өрт қауіпі күтіледі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1969766-naizagai-zanbyr-zel-sinoptikter-18-mamyrdagy-aua-raiyn-bolzady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.