jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Ақтаудағы әскери бөлім басшысы қашып кеткен сарбаз қандай жазаға тартылатынын айтты

Марат Рахпанов
Марат Рахпанов. Фото: Lada.kz

Ұлттық ұлан "Батыс" өңірлік қолбасшылығы 6656 әскери бөлімінің командирі Марат Рахпанов Ақтаудағы көшелерді патрульдеу бойынша қызмет атқару орнынан қашып кеткен сарбазға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Lada.kz.

Марат Рахпановтың сөзінше, қазір Бағлан Әділбеков әскери бөлімшеде.

"Қатардағы қызметкер жарғылық емес қарым-қатынас фактілерін жоққа шығарады. Оның бөлім басшылығына шағымдары жоқ. Ол ата-анасымен кездесті, олардың да шағымы жоқ", - деп түсіндірді 6656 әскери бөлімінің командирі.

Оның айтуынша, қызметтік тексеріс жүргізілген. Қазір сарбаздың мұндай қадамға не себепті барғаны анықталып жатыр.

"Бұл жерде қылмыстық іс жоқ. Ол әкімшілік немесе тәртіптік түрде жазаланады. Бұл әрекет үшін бірқатар лауазымды тұлға да жауапкершілік алады", - деп сендірді Марат Рахпанов.

Сондай-ақ ол сарбаздың ағымдағы жылдың маусым айында запасқа шығарылатынын мәлімдеді.

Айта кетейік, 18 жастағы сарбаз Бағлан Әділбеков Ақтауда қызмет орнынан 14 мамыр күні кешкі уақытта кетіп қалған. Оның өз қызметін өтеуді аяқтауға екі-ақ апта қалған болатын. Дегенмен 17 мамыр күні әсери қызметкер Ақтау полиция пунктіне өзі келген.

Ақтаудағы әскери бөлім басшысы қашып кеткен сарбаз қандай жазаға тартылатынын айтты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.