Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтауда әскери борышын өтеп жүрген сарбаз жұмбақ жағдайда жоғалып кетті

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Ақтауда сарбаз қызметтестерімен бірге көшедегі кезекшілігі аяқталған соң жұмбақ жағдайда жоғалып кетті. Бағлан Әділбеков екі аптадан кейін үйіне қайтуы керек болған, деп хабарлайды КТК арнасы.

Әскери бөлім командирінің айтуынша, маусым айында әскери қызметі аяқталатын жауынгердің ешкіммен қақ-соғы жоқ болған. Үйіне қайтуға екі апта қалғанда әскерден кетіп қалуы да түсініксіз.

18 жастағы Бағлан Әділбеков қызметтестерімен бірге көшедегі кезекшілігі аяқталған соң жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен. Әскери бөлімдегілер сарбаздың қайда барғаны туралы болжам да жоқ деп отыр. Себебі ол бұған дейін ешқандай арыз-шағым айтпаған.

"Сарбазды іздестіріп жатқанымызға екі күн болды. Осыған байланысты қызметтік тергеу тағайындалды. Бұл жағдай жоғары тұрған қолбасшылықтың бақылауында. Аталған оқиғаға қатысты тұлғалар тәртіптік жазаға тартылады",- деді №6656 әскери бөлімінің командирі Марат Рахпанов.

Қазір Ақтөбеден Бағлан Әділбековтың туыстары келіп, ұлдарын іздестіру жұмыстарына көмектесіп жатыр.

Дереккөз: КТК

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1969606-aqtauda-sarbaz-askeri-bolimseden-zumbaq-zagdaida-zogalyp-ketti/

pixel