Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО-да көшеге көпбалалы ананың есімі берілді

Опубликовано:

ШҚО тұрғындары
Фото: yk-news.kz

ШҚО Глубоков ауданы Прапорщиково ауылында Комсомольская көшесіне көпбалалы ананың есімі берілді. Бұл туралы Ертіс ауылдық округының әкімдігі хабарлады, деп жазады YK-news.kz.

Қазір көше Нұрғаным Құсайынованың есімімен аталған.

"Ол күйеуімен бірге алты бала дүниеге әкеліп, тәрбиелеген көпбалалы ана. Құсайыновтардың барлық баласы округтың қоғамдық өміріне белсенді араласып жүр",-деді Ертіс ауылдық округының әкімдігі.

Айта кетейік, осыған дейін Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданының полицейлері мемлекетаралық іздеуде жүрген екі қылмыскердің тұрғылықты жерін анықтағанын хабарлаған едік.

Олардың бірі тәртіп сақшылары келген кезде шкафқа тығылмақ болған. Қолға түскендер 29 және 30 жастағы ер адамдар. Олар Алтай ауданының тумалары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1969902-sqo-da-kosege-kopbalaly-ananyn-esimi-berildi/

pixel