Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңбыр, бұршақ, найзағай: Алдағы күндері елімізде ауа райы қандай болмақ

Опубликовано:

Жаңбыр
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 19-21 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Синоптиктердің болжамынша, алдағы үш тәулікте Қазақстанның солтүстік жартысындағы күн райына Солтүстік-Батыс циклон әсер етсе, оңтүстік өңірлер оңтүстік циклонның ықпалында болады.

Осыған байланысты еліміздің барлық аумағында жаңбыр жауады деп болжануда. Атап айтқанда, 19-21 мамырда оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, 20-21 мамырда батыста, солтүстік-батыста қатты жаңбыр жауады деп күтіледі.

Сонымен бірге республика бойынша найзағай ойнап, бұршақ жауады, жел күшейіп, оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұруы мүмкін.

Еске сала кетсек, бұған дейін "Қазгидромет" мамандары алдағы жаз мезгілінде елімізде ауа райы қандай болатынын болжаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1969904-zanbyr-bursaq-naizagai-aldagy-kunderi-elimizde-aua-raiy-qandai-bolmaq/

pixel