jitsu gif branding logo appbranding logo app

Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты дауылдық ескерту жарияланды

Жаңбыр
Көрнекі фото: Pexels

Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты дауылдық ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.

Синоптиктер болжамына сәйкес, 19 мамыр күндіз Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

19 мамырда Қызылорда облысының орталығында жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз күші 15-20 м/с жетуі мүмкін. Облыс орталығында төтенше өрт қаупі күтіледі.

Ал Алматы облысының солтүстігінде, таулы, тау етегіндегі аудандарында найзағай ойнап, бұршақ жауып, дауыл соғады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде күші 15-20, екпіні 24-29 м/с жетеді.

19 мамырда Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді.

Ал ертең түнде Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында тұман түсуі мүмкін. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, облыстың солтүстігінде 30 м/с және одан аса күтіледі.

Ертең Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр, күндіз облыстың шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында найзағай, дауыл, бұршақ жаууы ықтиимал. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан асады деп болжануда.

Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты дауылдық ескерту жарияланды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.