"Басында үйі де болған жоқ": Жақында көз жұмған дін қызметкерін әріптесі толғаныспен еске алды
Жарияланған күні:
Өткен аптада дінтанушы әрі ұстаз Бауыржан Әлиұлы көз жұмды. Марқұммен қоштасуға келген адамдардың санында шек болмаған. Бұл туралы имам Нұрлан Байжігітов айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
"Бауыржан Әлиұлы дүниеден өткенде мыңдаған адам жаназасына қатысты. Үйіне әлі күнге дейін адамдар толассыз келіп жатыр.
Мейлі, сіз министр болыңыз. Мейлі, сіз ел басқарыңыз. Сіздің жаназаңызға мұнша адам келмеуі мүмкін.
Ол үлкен ұстаз еді. "Ғалымның хаты өлмейді" деген осы. Бірде ішімдік шығаратын зауыттың директоры Бауыржанға үй алып бермек болды. Бұл бас тартты. Ішкіліктің арам екенін білген соң, тегін үйді де алғысы келген жоқ. Жағдайы төмен басқа адамға сыйлауын өтінді.
Бауыржанның өмірден өткенше басында үйі болған жоқ. Төрт баласы бар. Бесінші баласы анасының құрсағында қалды.
Қазір Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының басшысы Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен марқұмның отбасына үй алып беру мәселесі көтеріліп жатыр. Бауыржан тірісінде дүниеге қызықпаған адам еді. Біреудің алдына үй сұрап барған емес. Тірісінде қадірін білмесек те, артынан қалған ұл-қыздарына қорған болу - міндетіміз. Ол өзінің қазасымен-ақ көп нәрсе ұқтырып кетті", - дейді дінтанушы.
Айта кетелік, Бауыржан Әлиұлы 39 жасында дүниеден озды. Ол дін жолында бірнеше рет жоғары білім алған ғалымдардың санатында болған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1969964-basynda-uii-de-bolgan-zoq-zaqynda-koz-zumgan-din-qyzmetkerin-ariptesi-tolganyspen-eske-aldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.