Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Белгілі дінтанушы Бауыржан Әлиұлы 39 жасында өмірден озды

Опубликовано:

Дінтанушы Бауыржан Әлиұлы өмірден өтті
Бауыржан Әлиұлы. Фото: muftyat.kz

Белгілі дінтанушы әрі ұстаз Бауыржан Әлиұлы өмірден өтті. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ресми сайтында хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

ҚМДБ-ның төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Бауыржан Әлиұлының өмірден озуына байланысты көңіл айтты.

"Ғұламалар кеңесінің мүшесі, белгілі ғалым, ұстаз Бауыржан Әлиұлының қайтыс болғаны туралы қаралы хабарды ауыр күйзеліспен қабылдадым. Бұл – діни саладағы барша қызметкерлер үшін үлкен қайғы.

Марқұмның отбасына, туған-туыстарына, діни саладағы барша қызметкерлерге, өзімнің және ҚМДБ ұжымы атынан қайғыра көңіл айтамын. Оның әсерлі уағыздары мен пайдалы дәрістері шәкірттердің жадында мәңгі қалады деген сенімдемін.

Алла Тағала Бауыржан Әлиұлы бауырымызды алдынан жарылқап, мейіріміне бөлегей! Жаратушы иеміз артында қалған отбасы мен туыстарына көркем сабыр нәсіп етсін!", - делінген бас мүфтидің көңіл айту жеделхатында.

Белгілі дінтанушы Нұрлан қажы Байжігітов те елге белгілі дін қызметкерінің қазасына байланысты көңіл айтты.

"Ұлы бір шоқ жұлдыз болған менің бауырым, елдің ірі ұстазы Алласына қайтты… Бауыржаным, қияметің жаннаты болсын. Артыңа шәкірттер ерген дара інім…", - деп жазды Нұрлан қажы желдегі парақшасында.

Бауыржан Әлиұлы 1982 жылы 12 қарашада дүниеге келген. Марқұмның артында әйелі мен үш баласы қалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1969256-din-salasy-usin-ulken-qaigy-belgili-ustaz-bauyrzan-aliuly-39-zasynda-omirden-ozdy/

pixel