Нью-Йорктегі қазақ полицейі Димаш Ниязовтың тұңғышы дүниеге келді
Жарияланған күні:
Америкалық полицей, кәсіби боксшы, Қазақстан тумасы Димаш Ниязов пен жары Джениффердің тұңғышы дүниеге келді. Ерлі-зайыптылар ұлының есімін Камил деп қойған. Бұл туралы Димаштың өзі Instagram парақшасында жазды.
Димаш Ниязов пен сүйіктісі Дженнифер 2018 жылы шаңырақ көтерген. Ерлі-зайыптылар о баста, тұңғышының үйлерінде өмірге келгенін дұрыс деп шешкен.
Бұл ретте олар, суда босану әдісін қолданған.
"Босану кезінде дәрігерлердің де, дәрі-дәрмектің тіпті ауырсынуды басатын дәрілер де қажет болмады. Тыныш үйде мен және акушер ғана болды. Ұлымның кіндігін өзім кесті", - дейді өміріндегі аса қуанышты жаңалықпен бөліскен Димаш Ниязов.
Айта кетейік, Түркістан облысының тумасы Димаш Ниязов АҚШ-та 30 жылдан аса уақыт тұрады. Ол жасөспірім шағында жанұясымен бірге сол жаққа көшіп кеткен.
Бүгінде Димаш - NYPD (New York Police Department) қызметкері болып табылады. 2017 жылы ол қызметіне деген адалдығының арқасында Нью-Йорктің үздік полицейі атанған.
Одан бөлек Димаш кәсіби түрде бокспен айналысады. 2019 жылы Ниязов туған өлкесіне келді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1970239-nyu-iorktegi-qazaq-policeii-dimas-niyazovtyn-tungysy-duniege-keldi/