Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әке" мен "Ана" сөздері алып тасталды: Білім министрлігі желіде тараған ақпаратқа пікір білдірді

Опубликовано:

сынып
Көрнекі фото: pixabay.com

Әлеуметтік желіде баланы мектепке қабылдау туралы өтінішке қатысты шыққан ақпарат көпшіліктің талқысына түсіп жатыр. Онда құжаттағы "анасының ЖСН-і" және "әкесінің ЖСН-і" деген бағандары "бірінші ата-ананың ЖСН-і" және "екінші ата-ананың ЖСН-і" деп өзгертілгені айтылған. Алайда Білім және ғылым министрлігі ақпараттың шындыққа жанаспайтынын жеткізді, деп хабарлайды Stopfake.kz.

Ведомствоның мәліметінше, баланы мектепке қабылдау туралы өтініште ата-анасының біреуінің ғана ЖСН-ін көрсету қажет.

"Ақпарат шындыққа жанаспайды. Ата-аналар нөмірленбеген. Құжаттарды толтыру кезінде бұрынғыдай "ата-ана" немесе "заңды өкіл" деп жазылады", – делінген министрліктің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Осылайша, министрлік Қазақстанда "ана" және "әке" сөздері "бірінші ата-ана" және "екінші ата-ана" сөздерімен алмастырылатыны туралы ақпараттың жалған екенін ресми хабарлады.

Еске сала кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Халықаралық балаларды қорғау күніне орай 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға біржолғы жәрдемақы төленетіні туралы ақпарат тараған болатын.

Алайда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәліметтің шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1970291-ake-men-ana-sozderi-alynyp-tastaldy-bilim-ministrligi-zelide-taragan-aqparatqa-pikir-bildirdi/

pixel