Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өткен тәулікте коронавирус жұқтыру деректері тек Нұр-Сұлтан мен Алматыда тіркелді

Опубликовано:

індет11
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Өткен тәулікте ел бойынша коронавирус жұқтыру деректері тек Нұр-Сұлтан мен Алматыда тіркелді, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

Қазақстанда өткен тәулікте 9 адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 2,

Алматы қаласы - 7.

Осылайша, жалпы ел бойынша ауырғандар саны 1305440-қа жетті.

Айта кетейік, осыған дейін әлемде маймылдан адамға шешек жұғып жатқанын хабарлаған болатынбыз. Дәл осы ауру АҚШ, Австралия, Перу, Ұлыбритания мен Еуропа елдерінде таралуда. Осыған байланысты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы шұғыл түрде жиын өткізген еді.

Жалпы маймыл шешек Еуропада 7 мамырда анықталған. Оны Англияға Нигериядан оралған азамат әкелген. Португалия билігі 14 тұрғынның нақты жұқтырғанын мәлімдеген. Тағы 20 адамның арнайы тексерістен өтіп жатқанын хабарлаған.

"Бұл ауру Португалияда бұрын мүлде тіркелген емес. Жұқтырғандардың ешқайсысы әзірге ауруханаға жатқызылған жоқ. Науқастардың жасы 20 мен 40-тың арасы. Вирус жыныстық қарым-қатынас арқылы жұғуы мүмкін деген күдік бар", - деді маймыл безгегіне қарсы күрес тобының өкілі Маргарида Таварес.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1970384-otken-taulikte-koronavirus-zuqtyru-derekteri-tek-nur-sultan-men-almatyda-tirkeldi/

pixel