Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысындағы толассыз жаңбыр: Өзен арнасынан асып, екі ауылды су басты (видео)

Опубликовано:

өзен арнасынан тасыған
Видеодан кадр: instagram.com/angry_taldyk

Кеше, 22 мамырда Алматы облысы Кербұлақ ауданында толассыз жауған жаңбыр салдарынан екі ауылды су басты. Байғазы өзені арнасынан асып, елдімекендердің бірі судың астында қалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Алматы облысының төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, толассыз жауған жаңбыр салдарынан Байғазы өзені арнасынан асып кеткен.

Салдарынан Байғазы ауылындағы екі бақша мен бірнеше ауланы су басып қалды.

Жауыннан зардап шеккен ауылдың бірі - Кербұлақ ауданында орналасқан Қоғалды елдімекені. Ауылдың үш көшесінің судың астында қалғаны белгілі болды. Ал жеке үйлер табиғат апатынан аман.

"Сағат 18.00-дегі жағдай бойынша жауын-шашын тоқтап, су деңгейі төмендеді. Зардап шеккендер мен жарақат алғандар жоқ, қазіргі кезде жағдай тұрақты. Жағдайды бақылап, себептерін анықтау үшін Алматы облысының төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері оқиға орнына шықты", - делінген ведомствоның хабарламасында.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматыда толассыз жауған жаңбыр салдарынан ағаштар құлап, үйлерді су басқанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1970500-almaty-oblysyndagy-tolassyz-zanbyr-ozen-arnasynan-asyp-eki-auyldy-su-basty-video/

pixel