Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аяз, қатты жаңбыр, бұршақ: Алдағы күндері елімізде ауа райы қандай болады

Опубликовано:

Жаңбырлы күн
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 24-26 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері республиканың бірнеше өңірінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Атап айтқанда, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел күшейіп, бұршақ жауады деп күтілуде.

Ал 26 мамырда түнде солтүстік-батыста қатты жаңбыр жаууы мүмкін.

Сондай-ақ еліміздің батысына солтүстік-батыс антициклон жотасы тарап, жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы аздап төмендейді деп болжануда.

Метеорологтардың болжамынша, 24 мамырда түнде және таңертең орталықта, шығыста, 26 мамырда батыста топырақ бетінде 2 градусқа дейін аяз болуы ықтимал.

Еске сала кетсек, бұған дейін "Қазгидромет" мамандары алдағы жаз мезгілінде елімізде ауа райы қандай болатынын болжаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1970536-ayaz-qatty-zanbyr-bursaq-aldagy-kunderi-elimizde-aua-raiy-qandai-bolady/

pixel