Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сальто жасаса да жарасады": Тойда шпагатқа отырған әжей көпті таңғалдырды

Опубликовано:

әже
Видеодан кадр: Instagram/shyndykz

Әлеуметтік желіде тойда шпагатқа отырған әжейдің видеосы тарап, көпшіліктің талқысына түсті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Видео Instagram әлеуметтік желісіндегі shyndykz тобында жарияланды.

Кадрдан той қонақтарының алдында әжейдің шпагатқа отырғанын байқауға болады.

Бұны көрген желі оқырмандары пікірлерін жарыса жазды.

"Әр нәрсе өз уақытымен, ерсілеу әрине", "Ешқандай ұят емес. Адамның көңілі ешқашан қартаймайды, жарайсыз, әже", "Ақ орамал тартқан соң, орамалға сай болуы керек деп ойлаймын", "Әжеміз қонақтардың көңілін бір көтеріп тастады, сондықтан көп рақмет", "Әжеміздің жасын бізге берсін. Біз де осылай жүрейік", "Ұялатын ештеңе жоқ. Әжемізге сальто жасаса да жарасады. Енді ғана өмірдің рахатын көріп жүр ғой", "Күшті", "Не жазарымды білмей отырмын", - деді олар.

Пікір білдіргендердің арасында "әжеміздің әрекеті арнайы қойылым болуы мүмкін" дегендер де болды.

Еске сала кетейік, бұған дейін тойда рэп оқыған әйелдің желі жұлдызына айналғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1970549-salto-ainalsa-da-zarasady-toida-spagatqa-otyrgan-azei-kopti-tangaldyrdy/

pixel