Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жеңілдетілген автонесие бойынша қанша қазақстандық көлік алды

Опубликовано:

Көлік
Көрнекі фото: pixabay.com

"Өнеркәсіпті дамыту қоры" акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасары Жанар Ибрашева ОКҚ өткен брифингте жеңілдетілген автонесие бойынша елімізде қанша адам көлік алғанын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ибрашеваның айтуынша, қазіргі уақытта өтінімді "Банк ЦентрКредит", "Еуразия банкі", "Халық банк" арқылы беруге болады. Жақын уақытта бұл тізімге Forte Bank қосылмақ.

"Бағдарлама басталғаннан сәттен, яғни 16 мамырдан бастап 14 507 өтінім қабылданды. Оның ішінде 4 834 жеке тұлғаға 35,7 млрд теңге мақұлданды. 34 көлік сатып алынды: Нұр-Сұлтан – 11, Алматы – 4, Ақтөбе облысы – 3, Алматы облысы – 1, Батыс Қазақстан облысы – 1, Жамбыл облысы – 4, Павлодар облысы – 4, Шымкент – 6 көлік", - деді "Өнеркәсіпті дамыту қоры" акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасары.

Айта кетейік, бұған дейін елімізде 4 пайыздық автонесиемен салоннан жаңа көлік алған бірінші адамның есімі белгілі болғанын жазған едік. Ол - елордалық инженер Бекзат Тілеген.

Еске сала кетйік, 16 мамырда Қазақстанда жеңілдетілген автонесие беру бағдарламасы іске қосылды.

Жеңіл автокөліктерді алуға несие беру келесі шарттар бойынша жүзеге асырылады:

  • сыйақы мөлшерлемесі - 4 пайыз;
  • бастапқы жарна - 0 пайыздан бастап;
  • несиелендіру сомасы - 10 млн теңгеден;
  • қаржыландыру мерзімі - 7 жылдан;
  • көлік құралының құны - 15 млн теңгеден аспау қажет.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1970559-zenildetilgen-avtonesie-boiynsa-qansa-qazaqstandyq-kolik-aldy/

pixel