Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ел тұрғындары жеңілдетілген автонесиеге өтінімді қайтадан қашан бере алады

Опубликовано:

Көрнекі фото
Көрнекі фото: Pexels.com

"Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ басқармасы төрағасының орынбасары Жанар Ибрашева ОКҚ-да өткен брифингте жеңілдетілген автонесиенің алғашқы кезеңіне үлгермеген ел тұрғындары оған қайта қашан өтінім бере алатынын айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ведомство өкілінің айтуынша, жеңілдетілген автонесие бағдарламасын жүзеге асыру үшін ел бюджетінен 100 млрд теңге бөлінген.

"Жалпы бірінші кезеңде 10 мыңнан астам автокөлік беріледі деп жоспарланып отыр. Аталған бағдарлама револьверлік сипатқа ие, яғни, республика тұрғындары алғашқы кезеңде автонесие рәсімдеп үлгермесе, жеке тұлғалардан қаражат түскеннен кейін, бір-екі ай өткен соң өтінім беру үшін қайта жүгіне алады", - деді ол.

Спикердің сөзінше, өтінімдерді бүгінде "ЦентрКредит банкі", "Еуразия банкі" және Halyk Bank қабылдауда. Жақын арада аталған банктердің қатарына ForteBank қосылуы керек.

Жалпы бағдарлама басталғалы бері, яғни 16 мамырдан бастап, 14 507 өтінім келіп түскен. Олардың ішінде 4 834 өтінім қанағаттандырылған.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін мамандар аталған бағдарламаның артықшылықтары мен кемшіліктері жайлы баяндаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1970571-el-turgyndary-zenildetilgen-avtonesiege-otinimdi-qaitadan-qasan-bere-alady/

pixel