Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Маймыл шешегі": Еліміздің бас санитарлық дәрігері шетелге шығатын қазақстандықтарға бірнеше кеңес берді

Опубликовано:

лаборатория
Көрнекі фото: pixabay.com

Еліміздің денсаулық сақтау министрлігі бүгінгі таңда әлемде таралып жатқан маймыл шешегі ауруын жұқтыру жағдайы елімізде тіркелмегенін мәлім етті. Десе де, бас санитарлық дәрігер шетелге шығуды көздеп отырған қазақстандықтарға аса сақ болу қажеттігін еске салды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі ДСМ-ның ресми сайтына сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау вице-министрі әрі еліміздің бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетованың айтуынша, аурудың Қазақстанда таралмауы үшін қажетті іс - шаралар жүргізілуде.

"Мемлекеттік шекарада аса қауіпті ауруларға шалдыққан болуы мүмкін азаматтарды қашықтықтан термометрия арқылы анықтау (аурудың таралуының алдын алу үшін) бойынша іс - шаралар жүргізілуде", - дейді ол.

Сонымен қатар Айжан Есмағамбетова демалыс маусымының басталуына байланысты шетелге шығуды ойлап отырған қазақстандықтарға бірнеше кеңес берді. Оның сөзінше:

  • маймыл шешегінің өршуі тіркелген Батыс Африка елдеріне (Конго Демократиялық Республикасы, Конго Республикасы, Камерун, Орталық Африка Республикасы, Нигерия, Кот-д' Ивуар, Либерия, Сьерра-Леоне, Габон және Оңтүстік Судан) барудан аулақ болу қажет (әсіресе балалармен);
  • шет елдерге шыққан жағдайда жабайы жануарларға (приматтар, кеміргіштер) жақындамаған абзал, стихиялық және көше саудасы қызған орындарда тамақ ішпеген дұрыс, тамаққа тек термиялық өңделген етті (азық-түлікті) пайдалану керек;
  • адамдар көп жиналатын орындарға барған кезде жеке профилактика (ара қашықтықты сақтау, маска тағу, антисептик пайдалану) шараларын естен шығармау керек, қол гигиенасын сақтау да аса маңызды;
  • егер сапардан оралғаннан кейін 3 апта ішінде мазасыздық, дене қызуының көтерілуі, бөртпе (қызару, көпіршіктер және т.б.) – сынды ауру белгілерін байқасаңыз, шетелде болғаныңыз туралы міндетті түрде хабарлай отырып, жақын маңдағы медициналық ұйымға дереу жүгіну керек.

ДСМ мәліметінше, маймыл шешегі (monkeypoxes – MPXV) – сирек кездесетін жұқпалы ауру.

Ауруды таратушы негізінен жабайы жануарлар яғни, приматтар мен кеміргіштер (тиіндер) болып табылады.

Ауру инфекция жұқтырған адамның қанымен немесе оның биологиялық сұйықтықтарымен, сондай-ақ ауру жануардың етін тұтыну арқылы да таралуы мүмкін.

Ауру белгілері: дене қызуының көтерілуі, дененің ауыруы, әлсіздік, бөртпе, құсу, лимфа түйіндерінің ұлғаюы, бас айналу.

Инкубациялық кезең - 5-тен 21 күнге дейін созылады. Аурудың ұзақтығы 2-3 апта.

Маймыл шешегі бүгінде Батыс Африка елдерінде кең таралып (Конго Демократиялық Республикасы, Конго Республикасы, Камерун, Орталық Африка Республикасы, Нигерия, Кот-д ' Ивуар, Либерия, Сьерра-Леоне, Габон және Оңтүстік Судан) отыр.

Одан бөлек ДДСҰ-ның алдын ала мәліметі бойынша, Африка құрлығынан тыс әлемнің 14 елінде бұл ауруды (Испания, Португалия, Ұлыбритания, Бельгия, Канада, Германия, Италия, Австралия, Нидерланды, АҚШ , Израиль, Франция, Швейцария, Швеция) жұқтырған 110 адам тіркелген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1970634-maimyl-sesegi-elimizdin-bas-sanitarlyq-darigeri-setelge-sygatyn-qazaqstandyqtarga-birnese-kenes-berdi/

pixel