Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ҰБТ-ның алғашқы аптасы: 21 түлектің нәтижесі жойылды

Опубликовано:

ҰБТ
Көрнекі фото: pixabay.com

Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев Instagram желісіндегі парақшасында ҰБТ-ның алғашқы аптасын қорытындылады. Оның сөзінше, ереже бұзған 21 түлек аудиториядан шығарылып, нәтижесі жойылған.

Руслан Емелбаевтің айтуынша, ҰБТ кезінде ереже бұзған ғана емес, нәтижесі күмән тудырған талапкер де тексірелді.

Мәселен, талапкерлердің бірі қаңтар айында 72 балл, ал негізі ҰБТ-да кезінде 130 балл жинаған. Талапкердің нәтижесі бірден 58 балға жақсарған мамандардың күдігін тудырған.

"Біз қосымша күшейтілген бақылауды өткізуді жөн көрдік. Бейнежазбаларды тексеру барысында талапкердің ҰБТ ережелерін бұзғандағы белгілі болды. Ол тестілеу барысында бейнекамера мен мини құлаққап қолданған", - дейді Ұлттық тестілеу орталығының директоры.

Емелбаев бұған жол берген қызметшінің тестілеуден шеттетілгенін атап өтті. Оның сөзінше, алдағы уақытта қызметтік тексеріс жүргізіліп, тиісті шара қолданылады.

Сонымен қатар тест тапсырушының да нәтижесі жойылған.

"Енді ол екінші мүмкіндігін қолдана алмайды. Достар, жүйені алдауға тырысудың қажеті жоқ. Жауапкершіліктен ешкім құтыла алмайды", - дейді Ұлттық тестілеу орталығының директоры.

Айта кетейік, елімізде негізі ҰБТ 16 мамырда басталған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1970713-ubt-nyn-algasqy-aptasy-21-tulektin-natizesi-zoiyldy/

pixel