Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда АЭС қай жерге салынуы мүмкін

Опубликовано:

АЭС
Көрнекі фото: pixabay.com

Энергетика министрі Болат Ақшолақов үкімет оты АЭС елдің қай өңірінде салынуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Болат Ақшолақов бүгінгі таңда Қазақстанда салынуы тиіс атом станциясының қуаты жөнінде нақты түсінік бар екенін хабарлады.

"Станция құрылысы бойынша біз өзіміз үшін қуаттылық 2,4 ГВт екенін нақты түсінеміз. Егер қуаттылық жайлы бәрі түсінікті болса, онда біз орналасу аймағын анықтауға дайынбыз. Орналастыру ауданы Балқаштың, Курчатовтың жанында.

Негізгі нүкте Балқаш шығар. Өйткені тағы да қайталаймын, бұл аймақ ұзақ уақыт бойы, кеңес заманынан бері зерттелген. Осы жылдар ішінде біз үнемі қарап, бақылап отырдық", - деп атап өтті министр.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін министр Қазақстан АЭС салу бойынша түрлі технологияларды қарастырып жатқанын хабарлаған болатын.

Сонымен қатар Болат Ақшолақов елордалықтармен кездесу барысында Қазақстанға АЭС қажет екенін айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1970767-qazaqstanda-aes-qai-zerge-salynuy-mumkin/

pixel