"Мүмкін емес ешнәрсе жоқ": Скляр утилизациялық алымды алып тастау туралы пікір білдірді
Опубликовано:

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр утилизациялық алымды алып тастауға қатысты өз ойын білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
"Мүмкін емес ешнәрсе жоқ. Бірақ бір нәрсені есіңізден шығармаңыз: біз бірыңғай экономикалық кеңістікте тұрмыз және көршілерімізде утилизациялық алым бар.
Бізде көлік өндірушілерді де, басқаларды да қорғайтын өзге механизм жоқ", - деді спикер.
Осы орайда Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі утилизациялық алым экологиялық жағдайды жақсартуға, соның ішінде ескі көліктерді жаңасына ауыстыруға бағытталғанын жеткізді.
"Біздің міндетіміз – қазақстандықтарды бағдарлама көмегімен отандық өндірістегі жаңа көліктерді сатып алуға ынталандыру", – деді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев.
Еске сала кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаевты қабылдағанын жазған едік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1970788-mumkin-emes-esnarse-zoq-sklyar-utilizaciyalyq-alymdy-alyp-tastau-turaly-pikir-bildirdi/